Африканың 13 елінде маймыл шешегі ауруы тарады
Тамыздың басынан бергі есеп бойынша 3 мыңға жуық адам вирус жұқтырып, 517 адам көз жұмған, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе Конго Демократиялық Республикасындағы эпидемиялық ахуал күрделі. Сондай-ақ Бурунди, Камерун, Гана мен Оңтүстік Африкада ауру өршіп тұр. Сондықтан аталған елдерде төтенше жағдай режимі жарияланды. Статистикаға сүйенсек, 2022-2023 жылдары инфекцияны жұқтырғандар саны 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 79%-ке көп тіркелген. Ал, биыл тіпті жоғары. 160%-ке жеткен.
«Мұндай қарқынмен қауіпті дерт көп ұзамай өзге елдерде де өршуі мүмкін», - дейді мамандар.
Жан Касея, Африкадағы ауруларды бақылау орталығының бас директоры:
- Бұл тек Африка құрлығындағы тұрғындардың мәселесі емес. Вирустың таралу қаупі өте жоғары. Бүкіл әлемге эпидемиялық қауіп төніп тұр. Жаһан жұрты COVID пандемиясын басынан өткергеннен кейін кез келген жағдайға дайын болуы керек.