Жапония премьері отставкаға кетеді

Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида отставкаға кетеді.

Саясаткер қыркүйекте өтетін либералды демократиялық партия атынан сайлауға түспейтіні жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Кетудегі басты себебі партия мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы барының анықталуы. Биыл қаңтарда партиядағы 4 Министр мен 6 орынбасар өз қызметтерін босатқан еді. Соның салдарынан Кишиданың рейтингі түсіп кетті. Қазір небәрі 30%-ын құрайды. Оның үстіне биыл Жапония әлемдегі үшінші ірі экономика мәртебесінен айырылды. Бұған ұлттық валютаның әлсіреуі, халық санының азаюы, еңбек өнімділігі әсер етті.