Д. Трамп пен К. Харрис арасындағы саяси тартыс қыза түсті
АҚШ-тағы саяси дода жалғасуда.
Соңғы сауалнама нәтижесі бойынша вице-президент Камала Харрис бұрынғы президент Дональд Трамптан алда келеді. Сайлаушылардың Харристі қолдауына не әсер етті және кандидаттардың аяқ алысы қандай?
- Соңғы уақытта Харристі қолдаушылардың саны артып келеді. Қарқыны жаман емес сияқты, қалай ойлайсыз?
- Сонда дауыс берушілердің пікірін өзгертуге не түрткі болып отыр? Жалпы сайлаушыларды қандай сұрақтар мазалайды?
- Сауалнамалардағы айырмашылықтан кейін, Трамптың тарапынан Харристің алға шығып кетпеуі үшін қандай да бір әрекеттер жасалып жатыр ма?
Талғат Алманов, тілші:
- Рас. Харристің аяқ алысы жаман емес. Бірақ АҚШ-тағы сайлаудың ерекшелігі сол президенттік доданың қорытындысын халықтың дауысы емес, штаттың дауысы шешеді. Яғни бұл елде мажоритарлы жүйе емес, электоралды дауыс беру жүйесі қолданылады. Барынша көп штаттың дауысын жинаған кандидат қарашадағы сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың келесі президенті атанады.
Енді сауалнамаларға келсек. Камала Харрис Байденге қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетіп жатыр деуге негіз бар. Тіпті консервативті штат саналатын Техастың өзінде Харристі қолдаушылардың саны тарихи рекордқа жетіп отыр. Сонымен қатар Трамп пен Харристің Флоридадағы айырмашылығы үлкен емес. Харристі қолдаушылардың арасында әйелдердің үлесі күрт артқанын атап өту керек. Және ең бастысы осы уақытқа дейін ешбір кандидатқа дауыс беруге құлықсыз болған америкалықтардың дені Харристі қолдайтынын айтып отыр.
Сонда дауыс берушілердің пікірін өзгертуге не түрткі болып отыр? Жалпы сайлаушыларды қандай сұрақтар мазалайды?
Талғат Алманов, тілші:
- Сарапшылардың айтуынша, қандай да бір кандидатқа дауыс берердің алдында америкалықтар мынандай 3 мәселеге назар аударады. Біріншіден, күнделікті қажеттіліктердің қолжетімділігі не болмақ? Яғни тұрғын үй, денсаулық сақтау, азық-түлік және газдың бағасы қалай реттеледі? Екіншіден, халықтың төлеп жатқан салығы қайда және қалай жұмсалмақ? Және ең соңғысы иммиграция мен тұрғындардың қауіпсіздігі не болмақ? Дәл осы сұрақтарға дұрыс әрі жүйелі жауап бере алған кандидат жеңіске жетеді дейді мамандар.
Сауалнамалардағы айырмашылықтан кейін, Трамптың тарапынан Харистің алға шығып кетпеуі үшін қандайда бір әрекеттер жасалып жатыр ма?
Талғат Алманов, тілші:
- Бұл президенттік сайлауда да кандидаттардың бірін бірі дискредиттеуі байқалып отыр. Әсіресе Трамптың тарапынан. Ол Харистің демократтар атынан президентікке үміткер атануы "конституцияға қайшы" деп, оны "төңкеріс" жасау арқылы сайысқа қатысып отыр деді. Харрис те қарап қалмады. Ол өзінің қолдаушыларына Трамптың ісін майшаммен қараймыз деп қысқа қайырды. Демек 2024-тің қарашасы қызық болайын деп тұр.