Жайлы қоныс таңдауға көмектесетін технология

Жайлы қоныс таңдауға көмектесетін технология

Заман озып, технология дамыған сайын, IT мамандары ойлап тапқан құрылғылардың қолданылмайтын саласы кемде-кем.

Соның бірі жылжымайтын мүлік, тұрғын үй саласындағы технология жетістігі. Мәселен, лондондықтар қазірде баспана сатып алу үшін, арнайы құрылғы көмегіне жүгінеді.

Шведтің Тоби компаниясы жақында ғана тұрғын үй сатып алу кезінде үйді жылдам таңдауға көмектесетін құрылғы жасап шығарды. Оның көмегімен, сатылымдағы үйдің әр бұрышын мұқият тексеруге болады. Қай жерде қандай кемшілік бар, соның бәрін анық көрсетеді.

Джон Уорд, TOBII компаниясының өкілі:

- Көзілдірік линзаларында төрт камера және бірнеше жарықтандырғыш бар. Сырттан қараған адам, қарапайым мысықтың көзіне ұқсатуы мүмкін. Камераның жадына күрделі математикалық функциялар енгізілген. Автоматты түрде есептеулер арқылы, күмәнді тұстарды қызыл түс түсіру арқылы көрсетеді. 

Компания жүргізген сауалнама бойынша, үй сатып алу кезінде, тұтынушылардың 38 пайызы үйдің салынған жылына, 54 пайызы жөндеу жұмысы мен жиһаздарға мән беретіні анықталды. Ал көзге аса көрінбейтін қандай да бір ақаулықтарды құрылғы қызыл белгі беру арқылы көрсетеді.

Ричард Доннел, жылжымайтын мүлік порталының өкілі:

- Үй алу, 3 жылда көлік ауыстырумен бірдей емес. Кез келген тұтынушы жайлы, жақсы баспанада тұрғысы келеді. Бұл ретте, құрылғы сатып алушының өкінбей шешім қабылдауына көмектеседі.

Құрылғы әзірге қолданысқа толық енген жоқ. Дегенмен компания өкілдері жайлы қоныс таңдау кезінде қателіктерге ұрынбас үшін таптырмас құрал дейді.  

Фариза Жанғанаева