АҚШ-тың Әділет министрлігі Google-ді бөлуі мүмкін

АҚШ-тың Әділет министрлігі Google компаниясын екіге бөлу жағын қарастырып жатыр.

Яғни аталған ведомство Chrome веб-браузері мен Android операциялық жүйесін бір-бірінен ажыратпақ.  

Естеріңізде болса, тамыздың басында Колумбия округінің федералды соты Google компаниясын монополист деп таныған еді. Себебі технологиялық алпауыт іздеу жүйелері арасында өзінің нарықтағы орнын теріс пайдаланған.