Әлемде миллиардтаған бала бақытсыз
Бақыттың өлшемі дегенде әдетте балалық шақ елестейді.
Дегенмен әлем бойынша 1 миллиардтан астам кәмелетке толмаған жасөспірім, яғни 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың жартысынан көбі жыл сайын эмоциялық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, 12 мен 17 жас аралығындағы жеткіншектердің 60% күйзелістің кесірінен түрлі дертке шалдығып отыр.
Кейінгі 4 жылда АҚШ-та жасөспірімдер арасында қант диабетіне қарсы әсері бар дәрі-дәрмекке сұраныс 600% күрт өскен. Әсіресе 12 жастан 18 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында. Дәрігерлер мұны жасөспірім шақтағы күйзеліспен байланыстырады. Бұл кезде күйзеліске жауапты картизол гормоны жоғарылайды. Сәйкесінше ол инсулинді көтереді. Инсулин жоғарылаған сайын адам тамақ ішкісі келе береді. Ақыры бұл семіздікке әкеледі. Қант диабеті осы семіздіктен болады. Қазірде АҚШ-та екінші типтегі семіздік пен қант диабетіне шалдыққан 15 миллионға жуық жеткіншек бар.
Күйзелістің суицид мәселесіне де қатысы бар. Жасөспірімдер арасында өмірге келгеніне өкінетіндері көп. Әрі бұл көрсеткіш жыл санап артып барады. Суицид деңгейі бойынша Оңтүстік Корея, Беларусь, Ресей, Венгрия, Жапония мен Латвияда жағдай күрделі. Оңтүстік Кореяда күніне 36 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Сеулдегі Хань өзенінің үстіндегі Мапходэгё көпірі «суицид көпірі» аталып кеткен. Бұған қатысты билік шара қабылдап, 2016 жылы көпір қоршауға алынған.
ЮНИСЕФ Балалар қоры жүргізген зерттеулерге сүйенсек, статистика бойынша жасөпірімдердің 20% спортпен шұғылданбайды, 25% өз-өзіне көңілі толмайды, 48% жеміс-жидек, көкөніс жемейді. Оның орнына энергетикалық сусындар ішеді және тәттіге құмар. Артық салмақ қосып, семіздікке ұшырайтыны осыдан.
Авторы: Фариза Жанғанаева.