Түрік жазушысы Якуп Өмерұғлы өмірден озды
Түркі дүниесінің руханияты қара жамылды.
Бүгін Еуразия жазушылар одағының төрағасы, қоғам қайраткері Якуп Өмероғлы өмірден озды. Түркі әдебиетіне, соның ішінде қазақ әдебиетін күллі түркі жұртына танытуда өлшеусіз үлес қосқан Өмероғлұ 58 жасында көз жұмды. Көп жылдар бойы Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінде қызмет еткен ғалым, Түркістанда ауыл шаруашылығы және экология зерттеу орталығының директоры болды. Оның бастамасымен Абай, Шәкәрім, Мағжан сынды ақындардың еңбектері, сондай-ақ Мұстафа Шоқай, Махамбет Өтемісұлы және Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары түрік тіліне аударылды. Якуп Өмероғлы қазақ тілін жетік меңгерген қайраткер болатын.