Боливияда қымбатшылыққа қарсы шеру өтті

Боливия астанасында жүздеген адам шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.

Қолдарына кәстрөл ұстап ұрандатқан жұрт азық-түлік бағасының өсуі мен жанармай тапшылығына наразы. Сондықтан ел үкіметінен аталған мәселені тез арада шешуді талап етті. Боливияда қазір экономикалық дағдарыс өршіп тұр. Инфляция шарықтап кеткен. Жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек.