Газа секторында полиомиелит вирусын жұқтыру дерегі тіркелді
Бұл – соңғы 25 жылдағы алғашқы жағдай. Инфекция 10 айлық нәрестеден анықталған.
Мамандардың айтуынша, вирус ағын судан табылған. Осыған байланысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторында 640 мыңнан астам балаға полиомиелитке қарсы вакцина салу науқаны басталатынын мәлімдеді. Жұқпалы аурудың таралуын тоқтату мақсатында балалардың 95%-не екпе егу көзделген. Ол үшін 700-ден аса медициналық бригада тартылмақ.