«Эрнесто» дауылы Бермуд аралдарына қауіп төндіре бастады
Осыған байланысты жергілікті билік табиғат апатынан қорғанатын орындарды ашты, деп хабарлайды 24kz.
Қазір аймақтағы үкіметтік мекемелердің барлығы жабық. Көлік қозғалысы толығымен тоқтаған.
Айта кетейік, дүлей дауыл Бермуд аралдарына сағатына 155 шақырым жылдамдықпен жүйіткіп келеді. Аймақта 300 миллиметр жауын түсіп, су тасқыны жүреді деген қауіп бар.
Естеріңізде болса, ана жолы ғана «Эрнесто» Пуэрто-Рикода ойран салған еді. Сағатына 120 шақырым жылдамдықпен соққан желден 725 мың баспана мен өнеркәсіп жарықсыз қалды.