Әлемде 10 мың рейстің тек бір-екеуі мәжбүрлі түрде қонады
Әлемде жолаушылар ұшағының шұғыл қонуы – сирек кездесетін жағдай.
Орташа есеппен алғанда 10 мың рейстің бір-екеуі мәжбүрлі түрде қонады. Оған көбіне техникалық ақау себеп болып жатады. Ресми тіркелген оқиғалардың 50-60%-і осындай. Жолаушылар мен экипаж мүшелері денсаулығының нашарлауына байланысты әуе кемелерінің шұғыл қонған кездері 20-30% құрайды. Ал ауа райы қолайсыздығынан рейсті тоқтату деректері 10-20% аралығында. Географиялық тұрғыдан алып қарасақ, ұшақтардың шұғыл қонуы Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінде жиі кездеседі. Бұл әуе тасымалы көлемінің көптігімен байланысты.