Ливанда электр жарығы сөндірілді
Ливанда жарық жоқ.
Жанармай тапшлығына байланысты барлық жерде электр қуаты өшірілді. Тұрғын үйлерден бастап әуежай, теңіз портына дейінгі барлық мекемелер сусыз, жарықсыз қалды. Бұл туралы Ливан мемлекеттік энергетикалық компаниясы мәлімдеді. Елдегі ең ірі Аль Захрани электр станциясы соңғы қуат блогын өшіріп, жанармай қолға түскеннен кейін жұмысты қайта бастауға уәде берді. Ливанның су басқармасы өкілдері де электр қуатының үзілуіне байланысты суды барынша үнемдеуге шақырды.
YOUTUBE.COM/BBCNEWS