Маймыл шешегіне қарсы екпе өндірушінің акциялары күрт қымбаттады
Данияның Bavarian Nordic биотехнологиялық компаниясының акциялары осы аптада 45%-ке қымбаттап кетті, деп хабарлайды 24kz.
Сарапшылар бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесі себеп болғанын айтады.Ұйым қоғамдық денсаулық сақтау саласында маймыл шешегіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялаған еді. Ал, даниялық компания осы індетке қарсы вакцина жасаумен айналысады. Ол 2022 жылдан бері қолдануға рұқсат етілген. Екпе жасы 18-ден асқан ересектер үшін қолжетімді. Енді өндіруші препаратты 12 мен 17 жас аралығындағы жеткіншектерге де қолдануға рұқсат алуға ниетті. Қазір маймыл шешегі Африкада өршіп тұр. Конго Демократиялық Республикасында жыл басынан бері 16 мыңдай адам осы індетке шалдыққан. Ауруды жұқтыру дерегі Еуропа мен Азияда да тіркелген.