Қырғызстанның Ыссық-көл облысында төтенше жағдай жарияланды
Қырғызстанның Ыссық-көл облысында сел жүруіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше қазір аймақта апат салдары жойылып жатыр. Ол үшін 300-ден аса маман мен оннан аса техника тартылған.
Айта кетейік, кеше Жеті-Оғыз, Ақ-Суу, Ыссық-көл мен Тон аудандарында толассыз жаңбыр жауып, бірнеше жолды су шайып кетті. Біраз үйді су басты. Табиғи апатқа байланысты қазір аймақтағы жолдар жабық тұр.