Блинкен Газадағы атысты тоқтату мақсатында Израильге барды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу үшін Израильге барды.

Сапар барысында Блинкен осы елдің премьер-министрі және бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу өткізеді.

Айта кетейік, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Газадағы қарулы қақтығыс басталғалы Израильге 10-шы рет барып отыр. Бұдан кейін ол Египетке аттанады.