Пәкістанда тасқыннан 209 адам қаза тапты
Пәкістанда шілдеден бері тасқыннан 200-ден аса адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.
Арасында бала көп. Әсіресе елдің солтүстігі мен шығысындағы жағдай қиын. Мұнда 2500-ге жуық үйге су кірген. Бүлінген көпір көп. Пәкістанда шілдеде жауын-шашын маусымы басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Нөсер соңы тасқынға ұласып, жыл сайын жағдай қиындап кетеді. 2022 жылы елдің үштен бір бөлігін су басып, 2 мыңға жуық адам қайтыс болған еді. Ол кезде табиғат апатынан 30 миллиард доллар шығын келген.
Мохсин Әли Шах, Суккур қаласының тұрғыны:
- Жаңбырдың тоқтамай жауып жатқанына 3 күн болды. Қала басшысы қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз дейді. Бірақ нәтижесі байқалмайды. Арнайы техника жетпей жатыр ма? Әлде басқа проблема бар ма? Осыны түсінбей отырмыз.