Францияда 300 гектар орман өртеніп кетті
Францияның оңтүстігінде 300 гектар орман алқабы өртеніп кетті, деп хабарлайды 24kz.
От демалыс аймағына жақындап, билік ондағы 3 мың кісіні қауіпсіз жерге көшірді. «Соның арқасында адам шығыны жоқ», дейді. Бірақ оннан аса адам жарақат алған. Орман өртіне күннің ыстығы себеп. Содан өңірді қуаңшылық жайлаған. Ал екпінді жел оттың тез тарауына қолайлы жағдай жасап отыр. Мамандар аймақта орман өртінің қаупі жоғары екенін ескертеді. Португалияда да екі апта ішінде 3500 гектар алқап өртеніп кеткен. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай.