Коннектикут штатында су тасқынынан екі адам көз жұмды

АҚШ-тың Коннектикут штатында ақжауын селдетті, деп хабарлайды 24kz

Мұндай қалың нөсер штат тарихынды бұрын-соңды болмаған жағдай. Мыңдаған тұрғын баспанасыз қалып, бірнеше аймақта төтенше жағдай жарияланды. Осы елдегі тілшіміз Талғат Алманов дәл қазір тікелей эфирге шығып, жағдайды баяндауға әзір.

Диктор:

- Жалпы билік өкілдері су тасқынына қатысты қандай баға беріп отыр?

Талғат Алманов, тілші:

- Иә, кешелі бері тоқтаусыз жауған нөсер салдарынан Коннектикуттің көшелері мен үйлерін су басты. Штаттағы бірнеше қаланың инфрақұрылымына зақым келіп, жүздеген адам эвакуацияланды. Өкінішке қарай, құтқарушылар жеткенше тілсіз жау егде жастағы екі адамның өмірін қиды. Олар  65 және 71 жастағы Оксфорд қаласының тұрғындары.

Диктор:

- Жалпы билік өкілдері су тасқынына қатысты қандай баға беріп отыр?

Талғат Алманов, тілші:

- АҚШ-тың Төтенше жағдайларды басқару және ішкі қауіпсіздік департаменті бұл тасқынды бұрын-соңды болмаған апатқа теңеді. Олардың айтуынша, жауынның мол жауғаны соншалық, мұндай құбылыс кейбір аймақтарда шамамен 1000 жылда бір рет болатын көрінеді. Мәселен, кейбір қаладағы жауынның деңгейі 30 см-ге жетті. Ал мұндай құбылыс Коннектикутке тән емес.

Диктор:

- Ал тасқыннан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатыр? Шығындар жайлы не айтуға болады?

Талғат Алманов, тілші:

- Өңір басшысы Нед Ламонт штатта төтенше жағдай жариялап, халыққа көмек көрсетілетінін айтты. Алайда нақты қашан, қандай мөлшерде екені белгісіз. Себебі шығын әлі де есептеліп жатыр. Бір анығы, елдің  Федералды Төтенше жағдайларды басқару агенттігі зардап шеккендерге жергілікті биліктен, штаттан және федералды биліктен көмек көрсетуды жоспарлап отыр. Осы орайда метереолог және НАСА зерттеушісінің пікіріне құлақ түрейік.

Маршал Шепард, метеоролог, НАСА зерттеушісі:

- Табиғат апаттарының болып жатқанын елеусіз қалдыруға болмайды. Табиғаттың айтқанына қарсы келе алмаймыз ғой деп қол қусырып отыруға болмайды. Онымен күресуде барымызды салуымыз керек. Тіпті жаңа технологияларды да қолдануымыз керек. Сонымен қатар табиғат апаттарымен күресу үшін қоғамның әлсіз топтарына ерекше мән беруіміз керек.

Талғат Алманов, тілші:

- Жалпы АҚШ-тың Ұлттық климаттық бағалау орталығы осындай табиғат апатынан зардап шеккендердің ішінде 4 осал топты анықтаған. Олар егде жастағылар, балалар, жағдайы жоқ және қара нәсілді азаматтар. Мамандардың айтуынша, мемлекет тарапынан дәл осы 4 топқа кезексіз көмек көрсетілу керек.