Әлемде алтын қымбаттады

Әлемде алтын қымбаттады, деп хабарлайды 24kz.

Бір унцияның бағасы 2,5 мың доллардан асады. Бұл - бұрын-соңды болмаған жағдай. Мамандардың айтуынша, бағалы металл құнының күрт көтерілуіне АҚШ валютасының әлсіреуі себеп. Ал доллардың құнсыздануына Американың жылжымайтын мүлік нарығына қатысты статистикалық деректер мен Ұлыбритания, Жаңа Зеландия және Құрама Штаттардағы пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі әсер еткен.