Мексикада судьялар шеруге шықты
Мексиканың федералды соттарының мыңдаған қызметкері мемлекет басшысының реформаларына наразылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды 24kz.
Себебі президент бастамалары судьялардың қызметке тағайындалуын сайлау арқылы жүзеге асуын талап етеді. Мұнымен келіспейтін шерушілер Мехико сот ғимараты алдына жиналып, кіреберістерді шынжырлап тастады. Президент райынан қайтпайынша шеруді тоқтатпайтындарын айтады.
Айта кетейік, жаңа реформалар заңгерлік білімі мен бірнеше жылдық тәжірибесі бар кез келген мексикалыққа судья лауазымына сайлануына мүмкіндік береді. «Мұндай жағдай саладағы еңбек жағдайы мен мансаптық ілгерілеуге үлкен қауіп төндіреді», - дейді наразылық акциясына қатысушылар. Бірақ Мексика президенті реформа елдегі сот жүйесін жетілдіреді деген пікірде.