Израиль «Хезболланың» қару қоймасына соққы жасады

Израиль әскері Хезболланың қару қоймасына бірнеше әуе соққысын жасады, деп хабарлайды 24kz.

Associated Press басылымы таратқан ақпарға сәйкес, операция барысында аталған ұйымның зымырандық күштер бөлімшесінің негізгі мүшесінің көзі жойылған. Бұдан бөлек, бұл қоймада қарудың көп сақталғаны айтылады.

Айта кетейік, Израиль мен Ливан шекарасындағы шиеленіс Хезболланың Сириядағы жоғары лауазымды офицері мен ХАМАС-тың Ирандағы саяси бюро басшысы көз жұмғаннан кейін өрши түсті.