Еуропа жел энергетикасын дамытуға ниетті
Дания 1991 жылы әлемде алғашқы болып ашық теңіздегі жел қондырғысын іске қосты.
Қуаты 5 мегабатт, биіктігі 35 метр, 11 турбина 20 мың тұрғын үйдің қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Жасыл экономикаға түпікілікті көшуді жоспарлап отырған Еуропаңыз 2030 жылға қарай,, Солтүстік теңізде қуаты 60 ГВттан асатын жел генераторларын салуды көздеп отыр. Бұл 100 миллион үйді электр қуатымен қамтамасыз етеді деген сөз. Қазір Еуропаның 12 елінде қуаты 25 гвт 5 мың жел қондырғысы бар.
ЦИТАТА:
Теңіздегі жел энергетикасы Еуропалық Одақтың ең жоғары сұраныстарын қанағаттандыра алады. Біз қазір жылына шамамен 6-7 ГВт өндіреміз, бірақ үш жылдан кейін, егер біз теңіздегі жел электр станцияларының қуатын кейінгі 15 жылда салғанымыздан төрт есе арттырғымыз келсе, жылына 11 ГВт - қа шығуымыз керек. Ол үшін 27 ел тоғыз жыл ішінде теңіз аймағындағы дамуын жеделдетуі керек.
Айван Пинеда, (Ivan Pineda) Windeurope ұйымның нарықтық жағдайды зерттеу жөніндегі директоры
Бұл ретте жел энергетикасын өндіру құрлықта емес, неге теңізде тиімді деген сұрақ туындайды. Дүниежүзілік жел энергетикасы кеңесі сарапшыларының айтуына қарағанда теңіздегі жел энергиясы әлемдегі ең аз пайдаланылған ресурстардың бірі.
ЦИТАТА:
Тәулік бойы соққан жел, күн мен гидроэнергетикаға қарағанда әлдеқайда перспективалы жаңартылған энергия көзі. Алайда, жел генераторлары табиғатқа зиян келтіреді, бірақ ғалымдар оны азайту жолдарын іздестіріп жатыр. Әсіресе Британ аралдары, Скандинавия және құрлықтық Еуропа арасында орналасқан Солтүстік теңізде қатты жел соғады.
Майкл Томпсон, баламалы энергия саласындағы сарапшы
Қытайда биыл суда жүзетін әлемдегі ең үлкен жел электр станциясы іске қосылды. Қондырғының ерекшелігі теңіз бетінде қалқып жүріп электр қуатын өндіре береді. Биіктігі 219 метр. Ұшар басына екі бірдей турбина орнатылған. Жылдық қуаты 54 миллион киловат сағат. Бұл 30 мың отбасыны бір жыл бойы электр қуатымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Өзі жойқын дауылдар мен тайфундардың соққысына төтеп беретіндей етіп жасалған. Алып платформаны ашық теңізге шығаруға 10 кеме жұмылдырылды.
Ван Чао, Mingyang Energy Group компаниясының бас инженері:
- Платформа Гуанжоу қаласынан Гуандун провинциясына қарай жіберілді. Станция желдің бағытына қарай қозғалып отырады. Бірақ судың тереңдігі 35 метрден кем болмауы тиіс. 25 жылға дейін тұрақты жұмыс істейді. Жалпы қуаты 16,6 мегаВатт. Оған жойқын дауылдар мен биік толқындар кедергі бола алмайды.
Жел тегін соққанымен, оның энергетикалық жүйесін құрастырып, қондырғалар салу үшін қыруар қаражат керек. Екпіні бірде күшейіп, бірде баяулап тұратындықтан, одан алынатын қуат тұрақты емес. Bloomberg New Energy Finance деректеріне сүйенсек, жел энергетикасы беретін электр қуатының көлемі 2000 жылдан бері төрт есе өскен, дегенмен, оны өндірудің өзіндік құны төмендеген. Мамандар жел арқылы алынатын қуаттың көлемі еселеп өскен сайын, оның құны 19 пайызға төмендейтіндігін есептеп шығарған.
Жел генераторларын орнату, турбиналарын қондыру құны, жинақталған энергияны тұтынушыға жеткізу біраз қаржы салуды талап етеді.