Босния және Герцеговинада мектептегі атыстан үш адам мерт болды
Босния және Герцеговинада мектепте атыс болып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
Қаза тапқандар арасында балалар жоқ. Өйткені оқушылар жазғы демалыста. Бірақ шабуыл кезінде мектеп директоры, хатшы және мұғалім қайтыс болған. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Сански-Мост қаласында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, атысты осы мектеп күзетшісі ашқан. Өйткені осының алдында басшылықтан жұмысына қатысты сөгіс алған. Атыстан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып жараланып, ауруханаға жеткізілді.