Дональд Трамп Камала Харристі басып озды

Жуырда X платформасында танымал кәсіпкер Илон Маск ұйымдастырған онлайн-сауалнама қорытындысына сәйкес 6 миллиондай дауыс берушілердің 70%-ы Трампты қолдаған екен.

Бұған дейін Трамп жеңіске жетсем, Маскқа үкіметтен қызмет ұсынатынын мәлімдеген еді. Маск болса ұсынысты қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Америкада президенттік сайлау қарашаның 5-і өтеді. Бастапқыда саяси додаға демократтар атынан қазіргі президент Джо Байден түсуі керек еді. Алайда маусымдағы сәтсіз дебаттан соң президентке үміткерліктен бас тартып, орнына вице-президент Камала Харристі ұсынды.