Миына чип қойылған науқас ойының күшімен бейнеойын ойнады

Миына чип қойылған науқас ойының күшімен бейнеойын ойнады

Сал ауруына шалдыққан адамның миына чип енгізілігеннен кейін ойының күшімен бейнеойындар ойнауды үйренген, деп хабарлайды 24kz.

Бірнеше апта бұрын Алекс есімді науқастың миына операция жасалып, Neuralink компаниясының чипі орнатылған. Кезінде науқастың жұлынына зақым келіп, денесі қозғалмай қалған. Енді Алекс бейнеойындар ойнап қана қоймай, тіпті 3D-нысандарды жасауға арналған бағдарламалармен жұмыс істейді. Өткен қыста Neuralink компаниясы тағы бір науқастың миына чип орнатып, нәтижесінде ол ойының күшімен цифрлық құрылғыларды басқарып, тіпті ноутбукте шахмат ойнауды меңгерген.