Таиландта 66 жастағы ер адамнан маймыл шешегі анықталды
Африкадан тараған маймыл шешегі Таиландқа да жетті, деп хабарлайды 24kz.
Ел астанасы Бангкокта 66 жастағы Еуропа азаматынан анықталды. Ол вирусты Африкада жұқтырған. Дәрігерлер карантин жариялап, науқаспен байланыста болған 40-тан астам адамды ауруханаға жатқызды. Маймыл шешегінің таралу қаупі жоғары болғандықтан шетелден келгендерді тексеру күшейді. Індет жаһандық сипатта қауіпті деп танылып, денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияланды.