Боливияда орман өртінен ауа сапасы нашарлады

Боливия астанасы Ла-Паста ауаның ластануына байланысты қауіптің жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Елдегі орман өрті салдарынан ауаға зиянды заттар тарап, оның мөлшері қалыпты деңгейден асып кеткен. Ресми мәлімет бойынша шілде айынан бері 2 миллион гектардан астам орман алқабы өртеніп табиғи қорықтарға қауіп төнді. Санта-Круз, Бени және Пандо аймақтары қатты зардап шекті.