АҚШ-қа мыңнан астам адам жаяу келе жатыр

Мексика жақтан АҚШ шекарасына қарай мигранттар легі келе жатыр.

Веракрус штатында 1200-ге жуық адам жиналған. Барлығы Орталық Америка елдерінің азаматтары. Олар өткен айда Гватемала арқылы Мексика шекарасын асқан. Кейінгі кезде АҚШ-қа асыққан мигранттар саны күрт көбейді. Өйткені күзде президент сайлауы өтеді. Додада Дональд Трамп жеңсе, көші-қон саясатын қатаңдатынын айтқан.   

Сара Торрес, Венесуэладан келген мигрант:

"Біз алда не боларын білмейміз. Ешқай жерде тоқтауға рұқсат етпейді. Түнде жататын орын таппай әлекке түсеміз. Барған жеріміздің бәрінде бізге үйлеріңе қайтыңдар деп жатыр. Арамызда ауру балалар бар. Бізге мейірімділік танытса екен. Тек осыны ғана сұраймыз".