Нидерландта үкімет отырысына электронды құрылғы алып кіруге тыйым салынды
Нидерландта үкімет отырыстарында электронды құрылғыларды қолдануға тыйым салынды.
Жаңа премьер-министр мұндай шешімді қауіпсіздік мақсатында қабылдағанын айтады. Өйткені гаджеттер микрофондармен жабдықталған. Демек, ақпаратты тыңдау қаупі артады деген сөз. Бұрынғы премьер кезінде министрлер тек ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселелер талқыланғанда ғана электронды құрылғыдарын сыртта қалдырып кететін. Енді олар әр отырыс алдында телефон, планшет, ақылды сағат пен ноутбуктерін арнайы сейфке салуға міндетті.