Германияда белгісіз біреу үш адамды пышақтап өлтірді

Германияның Золинген қаласында белгісіз біреу көшедегі адамдарға пышақпен шабуыл жасап, 3 адамды мерт қылды.

Тағы бірнеше азамат жарақатпен ауруханада жатыр. Куәгерлердің айтуынша, қаскүнем шабуылдан кейін бірден ізін суытқан. Әзірге оның кім екені және мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз. Қанды оқиғаға байланысты жергілікті полиция тергеу амалдарын бастады.