Кубада бір миллионнан аса адам жарықсыз отыр

Кубада бір миллионнан аса адам жарықсыз отыр

Кубада бір миллионнан аса адам қараңғыда өмір сүруге мәжбүр, деп хабарлайды 24kz.

Оған электр қуатын жеткізудегі іркіліс себеп. Тұрғындардың айтуынша, жарық күніне 14 сағат болмайды. Бұдан бөлек, су беруде де үнемі кідіріс бар көрінеді. Билік өкілдері мұндай жағдай алты гидроэлектростанциядағы техникалық ақаумен байланысты дейді.

Айта кетейік, Кубада 2021 жылдан бері үнемі жарық сөнеді. Оған электр желілерінің тозуы мен жанармай жетіспеушілігі себеп.