Бангладеште су тасқынынан 15 адам көз жұмды
Бангладештің Комилла қаласында тоқтаусыз жауын соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан жүздеген үйге су кіріп, мыңдаған тұрғын далада қалды. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, табиғат апатынан 15 адам көз жұмды. 3 миллионға жуық азамат зардап шеккен. Қазір аталған аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.