Telegram желісінің жағдайы не болмақ?
Бүгінде әлем бойынша Телеграм қолданушыларының саны 900 миллионнан асады.
Кейінгі 5 жылда аудиториясы 4 есе өскен. Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін көпшілікті бұл оқиға мессенджердің жұмысына әсер етпей ме деген сұрақ алаңдатып отыр. Сарапшылар не дейді?
Павел Дуров Париждегі Ле Бурже әуежайына жеке ұшағымен қонған сәтте бірден қамауға алынған. Франуз құқық қорғаушылары қаскөйлер әлеуметтік желіні есірткі айналымы және өзге де қылмыс түрлерінің жасалуына негізгі платформа ретінде пайдаланады дейді. Ал Дуров осы Телеграмда заңға қайшы келетін әрекеттерді шектемей, құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс істеуден бас тартқаны үшін күдікке ілінген. Қазір 39 жастағы миллиардер қамауда отыр. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ТF1 телеарнасының хабарлауынша, Фрацияның арнайы қызмет өкілдері Телеграмда қылмыстық қауымдастықтармен байланысты кодталған жазбаларға қол жеткізгісі келетінін хабарлайды. Қазақстанда сервисті қолданушылар саны 12 миллионнан асады. Көбін алдағы күндері платформа қалай жұмыс істейді деген сұрақ мазалап отыр. Бұған қатысты арнамызға берген сұхбатында киберқылмыс саласындағы тәуелсіз сарапшы Евргений Питолин былай дейді.
АЛМАТЫ
Евгений Питолин, киберқауіпсіздік саласындағы тәуелсіз сарапшы:
- Телеграм қазақстандықтар үшін ақпарат алмасудың ірі алаңы екені сөзсіз. Платформаның жабылу қаупі нөлге тең десек те болады. Францияда не Еуропаның өзге елдерінде серверлер болса да, тәркіленген күннің өзінде, ондағы ақпарат санаулы сағатта қалпына келтіріледі. Мұндай жағдайға әрекет ету жоспары қарастырылған. Медиаимперия жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан дүрбелеңге бой алдырып, ақпаратты шығарып алуға асықпаңыздар. Сосын алаяқтарлан сақ болыңыздар. Өйткені олар бұл жағдайды пайдаланып, Телеграмды қалпына келтіру үшін мына сілтемеге өтіңіз, мынаны басыңыз деген жалған ақпарат таратуы мүмкін. Сондықтан алдағы күндері киберылмыс саны артады деп ойлаймын.
Сарапшы Телеграмның бұғатталуы екіталай дейді. Десе де бұғатталған жағдайда әсері қандай болады деген сұраққа былай деп жауап берді.
Евгений Питолин, киберқауіпсіздік саласындағы тәуелсіз сарапшы:
"Ондай жағдай болса, компаниялар клиенттері не серіктестерінің қауымдастығымен байланыс құралынсыз қалуы мүмкін. Сосын ақпарат құралдары не қоғаммен байланыс саласындағы медиаресурстың көп бөлігі жойылып кетуі ықтимал. Өйткені көбі қазір жаңалықтарды телеграмнан оқиды. Сосын бұл мемлекеттік қызметке де әсер етеді. Өздеріңіз білетіндей, көбі телеграмдағы боттар арқылы жұмыс істейді."
Десе де әзірге соңғы жағдай Телеграм жұмысына әсер еткен жоқ. Бірақ нарықта өзгеріс бар. Сөйтіп кәсіпкердің өзі құрған Тонкоин (TONcoin) криптовалютасы шамамен 15 пайызға құлдыраған. Қазір желіде миллиардерді қолдау акциялары жүріп жатыр. Мессенджерде #FREEDUROV хэштегі тарауда. Қолдау танытып жатқандар қатарында танымал тұлғалар да аз емес. Солардың қатарында америкалық кәсіпкер Илон Маск, америкалық журналист Такер Карлсон бар. Ал куәгерлер компанияның Дубайдағы бас кеңсесінде тінту жүріп жатқаны байқалмайтынын айтады. Ғимараттың күзет қызметі кеңсенің сонда орналасқанын растады. Бірақ нақты қай қабатта екенін айта алмаған. Ал ғимарат ішінде арнайы рұқсатсыз түсірілм жасауға рұқсат етілмейді. Дуровтың өзі қазір қамауда отыр. Оның 2021-жылы Франция азаматтығын алғаны белгілі. Сондықтан ол экстрадицияланбайды. Демек жергілікті ережелер бойынша заң алыднда жауап береді дейді сарапшылар.
Жұлдыз Атагельдиева