Түркияда тасқыннан екі адам көз жұмды
Түркияда нөсер соңы тасқынға ұласып, 2 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе, елдің солтүстігіндегі Самсун қаласында жағдай қиын. Шаһар көшелерін су басып, көліктер зақымданған. Табиғат апаты салдарынан кейбір ауданға қатынау қиындап, мамандар мыңнан аса адамды эвакуациялады. Түркия бойынша 11 провинцияда күн райына байланысты ескерту жарияланды.