Израильдің соққысынан Ливанда үш адам қаза тапты

Израиль соққысынан Ливанда 3 адам қайтыс болды.

Бұл туралы ресми Бейрут хабарлайды. Бұған дейін еврей мемлекеті Ливандағы "Хезболла" нысандарын әуеден соққылауды бастаған. Өйткені ұйым Израиль аумағын зымыранмен атқылауға дайындалып жатыр деген ақпарат келіп түскен. Осыдан кейін екінші жақ жауап ретінде еврей елінің 11 әскери нысанын соққылады. Сөйтіп, бүгін 300-ден аса зымыран ұшырған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайлы мәлімет жоқ. Израиль тарапы барлығын атып түсіргенін айтады. Елде төтенше жағдай жарияланған. Ал Тель-Авивте қоғамдық шараларға тыйым салынып, жағажайлар жабылды.