Каирде Газада оқ атуды тоқтату бойынша келіссөздер жалғасып жатыр

Каирде Газа Секторында оқ атуды тоқтату бойынша келіссөздер жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Бірақ сарапшылар ілгерілеу байқалмайтынын айтады. Өйткені Израиль тарапы Газа мен Египет шекарасында бақылауды сақтап қалуды талап етуде. Бұған ХАМАС өкілдері көнбей отыр. Таяу Шығыстағы бейбіт бітім туралы келіссөздер жүргізуге Катар, Египет пен АҚШ арағайындық танытуда. Бұған дейін бірнеше рет кездесу өтті. Аталған елдердің өкілдері бұл жолы жанжалдасушы қос тараптың да көңілінен шығатын ұсыныс дайындағандарын айтқан еді.