Ресейде қазақтың ұлттық киімін киген қуыршақтарға сұраныс көп

Мұндай ойыншықтар осы елдегі Киров қаласындағы фабрикадан шығады, деп хабарлайды 24kz.

Кәсіпорын қуыршақтың 400 түрін жасайды. Солардың 30-ға жуығы қазақтың ұлттық киіміндегі ойыншықтар. Жақында суретшілер жаңа дизайн ойластырған. Енді фабрика өкілдері қызығушылық танытқандар саны одан да арта түсетініне сенімді. 

Татьяна Кашина, ойыншықтар фабрикасының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

- Біз өзге ұлттардың қуыршақтарын да жасап шығарамыз. Олардың киімдерін, түрлерін, материалдарын өзгертіп, жаңартып отырамыз. Бүгінде «Этно» топтамасына әсіресе балабақшаларда сұраныс жоғары. Өйткені онда халықтар достастығын нығайу, өзге елдермен танысу бағдарламалары бар. Балалар үшін қуыршақтарға қарап, өзге ұлттардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысу әлдеқайда қызығырақ өтеді.