ХҒС-та тұрып қалған NASA ғарышкерлері келесі жылы Жерге оралады

Халықаралық ғарыш станциясында тұрып қалған NASA ғарышкерлері келесі жылы Жерге оралатын болды.

Бұл туралы АҚШ аэроғарыш агенттігі хабарлады. Жоспар бойынша ғарыш кемесі Жерге 1 аптадан кейін қонуы керек еді. Құрылғы қозғалтқыштарының істен шығуына байланысты кері қайту алдағы жылдың ақпанына жоспарланды.

Айта кетейік, маусымда 2 адамнан тұратын команда 8 күндік миссияға аттанған еді. Содан бері ғарышкерлерді Жерге қайтару бірнеше рет кейінге шегерілді.