Франция президенті Telegram басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Франция президенті Эмманюэль Макрон Telegram басшысы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы іс бойынша Францияға қатысты жалған ақпарат көргенін жазып, Францияның шынайы өмірде де, виртуалды кеңістікте де сөз бостандығы қағидатын ұстанатынын жеткізді. Макрон Франциядағы сот билігінің тәуелсіздігіне де ерекше тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Франция полициясы Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровты ұстаған еді. Содан бері ол Парижде қамауда отыр.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

- Франция жерінде Telegram президентінің қамауға алынуы сот тергеуі аясында жүзеге асырылды. Ешқандай да саяси шешім емес. Бұл мәселе бойынша шешімді судьялар шығарады.