Өндірістегі өлім-жітімге әсер етуші факторлар

Өндірістегі өлім-жітімге әсер етуші факторлар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

мен Дүниежүзілік еңбек ұйымының бірлескен зерттеуіне сәйкес, 2016 жылы 1,9 миллион адамның өліміне еңбек қызметіне байланысты аурулар мен жарақаттар себеп болған. Бұл, жұқпалы аурулардан бөлек, барлық өлім-жітімнің 81% - құраған. Дәлірек айтқанда, созылмалы обструктивті өкпе ауруынан - 450 мың, инсульттен - 400 мың, коронорлық артерия ауруынан 350 мың, басқа да өндірістік жарақаттардан 360 мың адам көз жұмған. Өндірістік өлімге көбіне жұмыс уақытының шамадан тыс ұзақтығы, ауаның ластануы, улы газдар мен жұмыс орнындағы шу әсер етеді. 

Созылмалы обструктивті өкпе ауруы - 450 000 адам

Инсульт - 400 000 адам

Коронарлық артерия ауруы - 350 000 адам

Өндірістік жарақаттар - 360 000 адам

ЦИТАТА: 

Біз білетін екі миллионға жуық мезгілсіз өлімнің алдын алуға болады. Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір қызметкерді сақтандыру, денсаулық сақтау саласы мен еңбек секторларының ұжымдық міндеті. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры

Еңбек қызметіндегі жазатайым жарақат пен өлімге 4 басты фактор әсер етеді. АҚШ еңбек қызметін бақылау басқармасы оны "фатальды төрттік" деп атайды. Біріншісі - құлау. Қызмет барысындағы өлімнің 36,5 пайызы қорғалмаған үңгірге түсіп кету, баспалдақтан абайсызда аяғының тайып кетуі, үйдің шатырынан құлау сияқты іс-әрекеттерден болады. Өндірістегі өлімнің 10 пайызы, адам бір жерін соғып алған кезде болады. Бастың жарылуы, миға қан құйылу сияқты факторлар.   

Өлімнің 8,6 пайызы тоққа түсуден, 2,5 пайызы ауыр жүк тасымалдау кезінде болады. 

Құламай-ақ, жүрмей-ақ отырып жұмыс істеудің өзі өлімге әкеледі. 2-типтегі қант диабетінің 90 пайызы, жүрек және қатерлік ісік ауруларының 20 пайызы үзіліссіз, 3 сағат бойы жұмыс орнында тапжылмай отырғаннан болады.

ЦИТАТА: 

Бір күннің жартысын компьютер алдында өткізетін адамдар көп. Жұмысының көп бөлігі монитор алдында өтетіндіктен, жұмыс барысын дұрыс жоспарлау маңызды. Үнемі отыра бергеннен гөрі, жүріп-тұрып, физикалық қозғалысты қосқан дұрыс. 

Дэвид Альтер, Торонто оңалту-зерттеу орталығының жетекшісі

"Кароси" ұғымы туралы бұрын соңды естіп пе едіңіз? Бұл жапон тілінен аударғанда, жұмыс уақытынан артық жұмыс істеудің салдарынан болатын өлім. Жапонияда күніне 12 сағат жұмыс істеу қалыпты жайт. Дегенмен, оның салдары ауыр. Кестенің тығыздығы мен күйзелістен жұмысшылар инсульттан, инфаркттан тіпті өз-өзіне қол жұмсаудан қайтыс болады. Бұл ретте Жапония билігі 2025 жылға қарай суицид санын 30 пайызға қысқартуға ниетті. Үкімет аптасына 60 сағаттан астам жұмыс істейтіндердің 5%-ын қысқартуды көздеп отыр. Кейбір компаниялар қазірден өз қызметкерлеріне жұмыстан ерте кетуге мүмкіндік берді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның дерегі бойынша, аптасына 40, күніне 8 сағаттық жұмыс - ең қалыпты норма. Егер адам аптасына 55 сағаттаен артық жұмыс істесе 35 пайыз инсультке, 17 пайыз инфарктқа шалдығады.