102 жастағы кейуана парашютпен секіруден рекорд жасады
Ұлыбританияның 102 жастағы тұрғыны парашютпен секірген ең қарт әйел ретінде рекорд орнатты.
Манетт Бейли есімді кейуана осылайша жұртты таңдай қақтырды. Өзі биіктен секіретін күнді асыға күткенін айтады. Өйткені көкте қалықтау рахатынан бөлек парашютпен секіру арқылы Англияның әуе жедел жәрдем қызметі үшін қаржы жинауды мақсат еткен екен. Айта кетейік, Бэйли бұдан екі жыл бұрын 100 жасқа толған шағында Феррари көлігімен сағатына 209 шақырым жылдамдықпен Сильверстоун тас жолын жүріп өткен болатын.