Ауғанстан әйелдерге қатысты кезекті қатаң заңды енгізді
Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуроодақ өкілдері Ауғанстанда қабыландаған заңды сынға алды.
Өткен аптада тәліптер, әйелдерге ән айтып, көпшілік алдында, дауысын қатты шығарып сөйлеуге тыйым салды. Сонымен қоса ресми түрде, сыртта беті-басын жауып жүруге міндеттеді. Енді қыз-келіншектерге жанында ер адам болмаса, қоғамдық көлікте жалғыз жүруге де рұқсат етілмейді. Бірақ халықаралық қауымдастық, бұл адам құқықтары мен бас бостандығын шектеу деп отыр. Сондықтан тәліптерді, тиісті талаптан бас тартуға шақырады.