SpaceX ғарышқа коммерциялық сапарды кейінге қалдырды

Спейс Икс компаниясы коммерциялық миссиясын ғарышқа ұшыруды кейінге қалдырды.

Өйткені ұшыру қондырғысының жердегі бөлігінде гелийдің жылыстауы анықталған. Қазір тексеру жүріп жатыр. Енді бұл шара 28 тамызға, Астана уақытымен түскі 12:00-ге жоспарланып отыр. Бұл миссия аясында, алғаш рет кәсіби емес ғарышкерлер ғарышқа ұшуы керек. Экипаж құрамына американдық миллиардер Джаред Айзекман, бұрынғы әскери ұшқыш пен 2 инженер кірген. Олар адамның денсаулығын жақсартуға бағытталған 36 ғылыми тәжірибе жүргізіп, Старлинк лазерлік байланысын сынақтан өткізуі тиіс.