ШҚО-да 750 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр
Биыл Шығыс Қазақстан облысында жалпы аумағы 750 мың шаршы метр болатын тұрғын үй салынып жатыр.
Оның жартысы желтоқсан айына дейін пайдалануға беріледі. Үйлердің көбі Өскемен, Риддер мен Ұлан ауданында бой көтерді. Баспаналар қолданысқа берілген соң, кезекте тұрғандар саны 1,5 мың адамға азаяды деп күтіледі. Тізімде көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және балалар үйінің тәрбиеленушілері бар. Айта кетейік, әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындар «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен ауылдық жерден баспана ала алады. Жоба аясында биыл 447 үй тапсырылады. Мамандардың айтуынша, баспана құрылысына жергілікті жерде өндірілген материалдар қолданылады. Кейін бұл үйлер, сатып алу құқығымен жалға беріледі.
Дидар Кеңесбаев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
- Биыл сала министрлігінің мақұлдауымен жобаға өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес баспананы 10 жыл ішінде жекешелендіруге рұқсат етіледі.