Парижде Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Парижде Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды.

Алғаш рет ол стадионнан тыс жерде өтіп жатыр. Салтанатты шара Келісім сарайында ұйымдастырылған. Бұл үшін мұнда 4 алаң ашылған. Біреуінің ауданы футбол алаңындай болады. Ашылу салтанатына 65 мың көрермен қатысуы тиіс. Паралимпиада алауын танымал актер Джеки Чан алып жүреді деп күтілуде. Ал ертең жарыстар басталады. Онда 4 жарым мың параатлет 23 спорт түрінен өнер көрсетеді. Осы күнге дейін сатылымға шығарылған билеттердің 90 пайызы өтіп кеткен екен. Сөйтіп, франуздар британдықтардың рекордына таяп қалған. 2012 жылы Лондондағы Паралимпиада кезінде билеттердің 97 пайызы сатылып кеткен еді.

Тони Эстанге, "Париж 2024" ұйымдастыру комитетінің президенті:

- Паралимпиада ойындарына 2 миллион билет сатылды. Адамға толы стадиондарды көру қуанышты жағдай. Біз келемін дегендердің барлығына орын табуға тырысамыз.