Польша АЭС құрылысына €1 млрд бөледі
Польша да атом энергетикасына қызығушылық таныта бастады.
Ел билігі алғашқы атом электр стансысының құрылысына шамамен 1 млрд еуро қаражат бөледі. Қаржы министрі осылай деп мәлімдеді. Атом электр стансысы елдің солтүстік-батысындағы Померания облысында орналаспақ. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталуы керек. Ол америкалық технология негізінде жүргізіледі. Билік бірінші қондырғыны 2033 жылы іске қосуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бүгінде Еуропалық одаққа мүше Финляндия, Словакия және Венгрия сияқты 12 елде атом электр стансылары жұмыс істейді.