Дуров ата-ана құқығынан айырылды
Швейцариялық сот Павел Дуровты ата-ана құқығынан айырды.
Бұл туралы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында кәсіпкердің үш баласының анасы Ирина Болгар хабарлады. Ол осыдан екі жыл бұрын Телеграм басшысына шағым түсірген екен. Айтуынша, Дуров әйелді Швейцариядан Біріккен Араб Әмірліктеріне көшуге күштеген. Ирина Болгар келісімін бермегесін миллиардер оның барлық төлем карталарын бұғаттап тастаған. Балаларының білім алуы мен медициналық қызмет көрсету шығындарына да қаржы беруін тоқтатқан. Швейцарияның қорғаншылық органдары талай мәрте кәсіпкермен байланысқа шықпақ болған. Бірақ ол жауап бермеген дейді Ирина Болгар өзінің парақшасында.