Израиль әскери қақтығысты уақытша тоқтатуға келісім берді
Израиль Газа секторында балалар арасында полиомиелиттің таралуына байланысты вакциналауға мүмкіндік беру үшін қақтығысқа үзіліс жасауға келісті.
Бұл туралы Си-Эн-Эн агенттігі хабарлады. Дүние Денсаулық Сақтау Ұйымы өкілдерінің айтуынша, аймақта екпе науқаны 1 қыркүйекте басталып, 3 кезең бойынша жүргізіледі. Ал әр кідіріс уақыты 3 күнге жалғасады. Әскери іс-қимылдар таңғы 06:00-ден кешкі 03:00-ге дейін тоқтатылады. Алдымен егу жұмыстары Орталық Газадан басталып, Солтүстік және Оңтүстік Газа секторын қамтиды. 10 жасқа дейінгі шамамен 640 мың бала екпе салдырады деп жоспарланып отыр.