Қырғызстан тәуелсіздігінің 33 жылдығын атап өтіп жатыр

Қазір Бішкектің Ала-Тоо орталық алаңында Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Мұнда қырғыз және шетелдік әртістердің қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылған. Сонымен қоса 100 метрлік мемлекеттік туды көтеру рәсімі де өтті. Оған президент Садыр Жапаров қатысқан.

Айта кеткен жөн, былтыр Қырғызстанмен арадағы тауар айналымымыз 1,5 миллиард доллардан асқан. Биыл тараптар көрсеткішті 2 милилард долларға дейін жеткізуе ниетті.