Оңтүстік Австралияда аптап ыстық орнады

Оңтүстік Австралияда ми қайнатар ыстық орнады, деп хабарлайды 24kz.

Аймақта қыс мезгілі болғанына қарамастан сынап бағанасы шамамен 40 градусты көрсетіп тұр. Бұл әдепкі температурадан 16 градусқа жоғары. Тұрғындар ыстыққа шыдас бермей су айдындарында салқындауға көшкен. Метереологтар болса, жоғары температура бірнеше күн сақталады деген болжам жасады. Олар күннің қатты жылынуын климаттық өзгеріспен байланыстырады.